Литературная беседка

21:53 ЦБС г.Балхаш 0 Comments



Ербол Ерболат

1998 жылы  туылған, Қарағанды облысы,
Балқаш қаласындағы №8 орта мектебінің 
11 сынып оқушысы, «Кәусар» әдеби жастар
 клубының мүшесі жас, ақын.



Жыр оқыдым

Жыр оқыдым мылқау қара тасқа да,
Жасырмаймын, оны жақын достан да.
Қара тастан қасиетті сыр ұғып,
Бабам жайлы ой тарқатам жасқана.

Ей қара тас!
Құпияңды аш маған,
Ғасырлардың тереңінде сақтаған.
Мен қазақпын, қыпшақпын,
Құдіретпін,
Абай тілін жаттаған.

Мынау дала, мынау маңғаз тауларым,
Оларға мен жырдан сәлем арнадым.
Сар даламның босағасы секілді,
Маңғаз, маңғаз менің заңғар тауларым.

Құлын күннен құмар қылған құмай жыр,
Қол создырып тұрар алда Абай-ПІР.
Киелі өнер қолдашы, қолдашы сен:
Мағжан, Сәкен, Ілиястай кілең дүр!

Таразылап ғасырлардың безбенін,
Ойдың қанша дариясын кезгенмін.
Туған елдің тарихындай тереңді,
Туған жердің тылсымынан сезгенмін.

(Мағжан рухымен сырласу)

Ей, бабам, көрдім бүгін түсімде,
Түсімде сен түнердің кеп түңіле.
Шырт  ұйқыда жатқан мені оятып,
Ғайып болдың қалың тұман ішінде.

Сол мезетте жанарыңнан мұң көрдім,
Көрдім дағы, тіл қатпастан құр тұрдым.
Тұла бойым бір ысынып, бір суып,
Бір белгісіз күйге ендім суық тым.

Селк еттім де, шошып тұрдым ұйқымнан,
Жас жүрегім аласұрып,  бұлқынған.
Ақ парақ пен қалам алып қолыма,
Жүрегіммен сырластым кеп жыр тұнған.

Ей, жастарым, бірер сәт құлақ салшы,
Өлген ақын сөйлейді ғой, тыңдашы.
Шоғы сөнбес жырлар жатыр артында,
Өлді деуге сияды ма, иланшы?!

Ей, бабам, сөзің бар ма тіл қатшы,
Рухыңды сен кеудеме кеп жырлатшы.
Керуен жүгін арқалаған сапарға ,
Жас ұрпақтың жүрегіне жол тапшы.

Көз алдымда елестейді соңғы леп,
Өкінішім жанымды жегідей жеп.
Үн қатуға тілім келмей шырмалып,
Сол тұманға құр жібердім көк түнек.

Ер еді ғой, елін сүйген айбатты,
Арыстандай оққа ұмтылған қайратты.
Бабам ізі өшпес мәңгі тарихтан,
Әділдіктің үнін мәңгі сайратты.

Жан  жарасын қара жерге арқалап,
Өлім құшты құр дәрменсіз күйде қап.
Кете барды бұл фәнимен қоштасып,
Өшпес мәңгі, көк аспанға жарқырап.


                Сайран Нұрсұлтан
      

1.07.2003 жылы  туылған  Қарағанды облысы, 
Балқаш қаласындағы, М.П. Русаков атындағы 
№2 мектеп-интернатының  оқушысы, «Кәусар» 
әдеби жастар клубының мүшесі жас, ақын, 
бірнеше қалалық жыр мүшайраларының жүлдегері.






Анама

Ана деген өмірімнің жарығы
Әлдиімен естілгендей әр үні
Сәбиі деп жұдырықтай жұмылған
Сөнбесінші жүрегінің жалыны.

Ана деймін,ана деймін мақтана,
Құшағында ғұмыр кешем шаттана
Мейірімнің бастауы болып қалады
Ана есімі жүректерде жаттала

Жарық берер көздің ақ пен қарасы
Ана деген тіршіліктің панасы,
Ей адамзат ...Бақыт бағын іздесең
Бар анаға сәби көзбен қарашы

Ақиық ақын атама

Мен ұрпағың жырыңды жатап өскен,
Жыр теңізді  аралап өмір кешкен
Мұқағали ақиық ақын сексен бесте,
Жыр арнаймын қалмаймын мен де көштен

Қазақтың маңдай алды бас ақыны,
Мұқағали атам ғой жыр асылы
Поэзия патшасы екені рас,
Жырыңды бар оқырман жаттап алды.

Өмірін өлеңменен өрген ақын,
Алатын өнері бар төрден ақын.
Бар халқымның есінде сақталады
Мұқағал Мақатаев деген ақын.

Жанға рух сыйлаған сөз атасы,
Өзіме тисе деймін жыр батасы,
Арманым өзің салған ізбен жүру.
Болса да қиын соқпақ жыра тасы.




      Ахметжанов Қуандық

Балқаш қаласындағы  №7 С.Сейфуллин атындағы    
мектеп-гимназиясының  11 сынып оқушысы,«Кәусар» 
әдеби жастар клубының мүшесі жас, ақын, бірнеше облыстық  ғылыми жобалардың  жүлдегері.







Туған жерім Балқашым!

Қуат берген Бетбакдала шөліне,
Таңқаламын сонау Балқаш көліне
Жаннаттайын мекен болған бабама,
Ырыс барған қазағымның еліне

Балықтары асау тайдай тулаған,
Жағасында ну қамысы шулаған.
Айдынында рахаттана шомылып,
Көгалында ойнап-аунап қулаған.

Жағасында бар кеншілер қаласы
Аймағында қазыналы даласы.
Мыс бұлақты ағызады зауытта
Бауырласқан талай ұлттың баласы.

Ел сәніне салтанатты жарасқан
Көгінде әсем нұр ойнаған бар аспан.
Тарихы бар ерліктерден тұратын
Атағы бар мұхиттардан әрі асқан

Жасаған ол ғаламатқа кең істі,
Мыс пен жезді жақындасқан жеңісті.
Балқашымда жасалған оқ - қарулар,
Талқандаған дұшпан фашист немісті.

Аясына бүкіл әлем сияды,
Туады онда көптен биік қиялы
Қадірімен қасиетін білгенге,
Бергеннен көп беретұғын сыйы әлі.

Аспанымда көк байрағым желбіреп
Тыныштыққа болды халқым ел тірек.
Мыс ордамыз күн сайын құлпырады
Қарт мысшылар қарайды оған елжіреп.
Қасиетті туған жерім Балқашым!
Қала күнің құтты болсын
Деп арнаймын ақ тілек.

0 коммент.: